Skillset - Қазақстандағы 5-11 сынып оқушыларына арналған алғашқы мамандандырылған IT-мектеп

Біз орта білім туралы аттестатты ғана емес, сонымен қатар IT саласындағы құнды дағдыларды, тағылымдаманы, жоғары оқу орындарында оқуға және мектепті бітіргеннен кейін IT саласында жұмыс істеуге бірегей мүмкіндік береміз

Біз кімбіз

------------

«Milestone & Skillset VEX Championship», «Robotex Kazakhstan» робототехникадан республикалық жарыстар мен олимпиадалардың ұйымдастырушылары

------------

«Skillset AI Hackaton 2024» бірінші қалалық IT хакатонының ұйымдастырушылары

------------

ETS Global, Fibonacci Math Olympiad, Fibonacci Robot Olympiad халықаралық ұйымдарының серіктестері мен өкілдері

------------

Дамыған ғылыми-зерттеу қызметі

------------

Білім берудегі заманауи көзқарас. Емтиханға дайындық және кәсіптік бағдар беру

Мектептің миссиясы және көзқарасы

Біздің мектеп IT саласында сұранысқа ие дағдыларды алуға және дамытуға мүмкіндік береді. Білім берудің озық әдістерінің арқасында оқушыларымыз алға қойған мақсаттарына жетіп, бәсекеге қабілетті, өзіне сенімді тұлға болып қалыптасады. Мектебіміз IT әлеміне трамплин болып табылады, ал оқушылар өз қызмет саласын саналы түрде таңдайтын, кәсіби мақсаттарына ерте қол жеткізе алатын болашақ мамандар

Мектеп форматы

  • Мектебіміз көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың, конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ал біздің оқушыларымыз өз жобалары мен әзірлемелері үшін зияткерлік меншік объектілеріне өздерінің патенттері мен авторлық куәліктеріне ие болып, ғылыми-конструкторлық қызметпен айналысады
  • Біздің түлектер мамандандырылған мектептерге білім гранттарын, шетелдік жоғары оқу орындарына шақыртуларды, сондай-ақ Қазақстанның үздік университеттеріне білім гранттарын алуда
  • SKILLSET сыныптарындағы оқушылар саны 22 адамнан аспайды
  • Оқыту тілдері орыс және қазақ тілдерін қамтиды (ағылшын тіліндегі пәндер кезең-кезеңімен енгізіледі)
little girl

Халықаралық емтихандар

  • SKILLSET – бүкіл әлем бойынша білім беру саласындағы тәжірибесімен бөлісетін ETS Global халықаралық компаниясының ресми өкілі
  • ETS Global TOEFL, ITP, iBT, TOEIC сияқты ағылшын тілінен тесттердің кең ауқымын ұсынады
little girl

ҰБТ-ға дайындық

  • Бай академиялық бағдарламамен қатар, мектеп ҰБТ-ға қарқынды дайындықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар дәрістер, шеберлік сабақтары, жәрмеңкелер және т.б.арқылы оқушыларға кәсіптік бағдар беру шараларын мұқият жүргізеді
little girl

Тағылымдама

  • Оқыту барысында өзіміз ұйымдастыратын IT хакатондар, робототехника мен бағдарламалау және ЖИ бойынша республикалық жарыстар, сонымен қатар жобалар, олимпиадалар және т.б.қарастырылған
little girl

Толық инфрақұрылым

  • Жабдықталған оқу кабинеттері, ыңғайлы кантиндер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағдайлар, жеке лицензиясы бар жабдықталған медициналық кабинеттер, оқушыларға арналған жеке локерлер, пурифайерлер, кондиционерлеу, ауаны тазарту және беру, мұғалімдерге арналған заманауи кеңістік, ыңғайлы орын, киім-кешек бөлмелері, психолог кабинеті
little girl

Оқу кеңістігі

  • Эргономикалық жеке үстелдермен және интерактивті панельдермен жабдықталған кабинеттер, заманауи ІТ-зертханалар, қолданбалы STEM-зертханалар, рекреациялық аймақтар, Open Space форматындағы кітапхана, велотренажерлары мен үстел теннисі бар көпфункционалды спортзал
little girl

Ішкі экожүйе

  • Сандық білім беру экожүйесі, бұлтты қызметтер, сандық кітапхана
little girl

Қауіпсіздік

  • Турникеттермен қауіпсіз кіру жүйесі, 'соқыр аймақтарсыз' бейнебақылау, тәулік бойы күзет, өрт қауіпсіздігі
little girl

Лицензиялар

  • Мектепте білім беру қызметіне барлық қажетті лицензиялар мен рұқсат құжаттары бар
little girl

Тамақтану

  • Біздің мектепте тамақтану 3 буфет аймағында ұйымдастырылған және оқушыларға қосымша ақыға беріледі
  • Мәзірдегі барлық тағамдар ассортиментінің кеңдігімен ерекшеленеді, ал дайындықта халал өнімдер қолданылады
little girl

Бағдарлама мен компоненттер

SKILLSET Junior

Бұл кластердің негізгі мақсаты – математика, информатика, ағылшын тілі және басқа да жалпы білім беретін пәндер бойынша өтілген материалдарды бекіту. Бұл кезеңде біз оқушыларды негізгі цифрлық құралдармен таныстырамыз және цифрлық әлеммен (Digital Ocean) таныстыра отырып, олардың ІТ әртүрлі салаларына бейімділігін анықтаймыз

SKILLSET Middle

Бұл кластерде оқушылар жалпы білім беретін пәндерді, әсіресе информатика мен математиканы оқуды және дамытуды жалғастырады, сонымен қатар IT сабақтары енгізіледі. Сыныптан тыс қосымша шаралар аясында оқушылар IT саласындағы білімдерін тереңдетіп, бекітеді. IELTS-ке дайындық та қарастырылған

SKILLSET Senior

Бұл кластердің негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарына түсуге дайындалу және Қазақстанның үздік университеттеріне, сондай-ақ шетел университеттеріне мемлекеттік және ішкі гранттарды алу. 9–11-сыныптар үшін оқу кезеңінде кәсіптік бағдар беріледі, болашақ мамандығын таңдауға және талапкер портфолиосын құруға көмек көрсетіледі, сондай-ақ сала және еліміздің, алыс және жақын шетелдердің IT университеттерінің өкілдерінен шеберлік сабақтары өтеді

  • SKILLSET мектебіндегі бағдарлама математика, IT және ағылшын тілдерін қарқынды оқытатын жалпы білім беру форматы негізінде құрылған
  • Оқу барысында Project және Problem-based learning оқыту әдістері қолданылады
  • Мектеп 5 күндік негізде құрылған, сенбі күндері IT бағыттары мен ағылшын тілі бойынша қосымша оқытулар жүргізіледі

Біздің жетістіктеріміз

+400

әр түрлі деңгейдегі марапаттар

photo

Мектеп олимпиадаларында, IT турнирлерінде, хакатондарда, жарыстар мен байқауларда:

  • 64 алтын медаль
  • 45 күміс медаль
  • 80 қола

Қалалық/аудандық олимпиадаларда, IT турнирлерінде, хакатондарда, жарыстар мен байқауларда:

  • 14 алтын медаль
  • 20 күміс медаль
  • 16 қола
  • 13 грамота

Республикалық олимпиадаларда, конкурстар мен жарыстарда:

  • 123 алтын медаль
  • 63 күміс медаль
  • 16 қола медаль

Халықаралық олимпиадаларда, конкурстарда және жарыстарда:

  • 263 алтын медаль
  • 111 күміс медаль
  • 75 қола медаль
  • 14 грамота

Жарыстың әлемдік кезеңіне шақыру:

  • Эстония (робототехника)
  • Панама (робототехника)
  • Түркия (робототехника)
  • Италия (робототехника)
  • АҚШ (математика)
  • Болгария (математика)
  • Өзбекстан (математика)

Кәсіби

мамандар тобы

Skillset мектебінің барлық командасы мұқият іріктеуден өтеді және барлық қажетті біліктіліктерден өтеді. Біздің командада біздің принциптеріміз бен құндылықтарымызбен бөлісетін, өз ісіне қатысты кәсіпқойлық пен адалдықпен айналысатын заманауи және жоғары білікті педагогтар жұмыс істейді. Біздің команда құрамында робототехника бойынша Қазақстан құрамасының кәсіби IT-мамандары, әзірлеушілері, дизайнерлері, жаттықтырушылары жұмыс істейді

ss

Серіктестік және өкілдік

Біз серіктестерміз, өкілдеріміз және ұйымдастырушылармыз

Әлемнің 180 елінде ұсынылған және TOEFL, TOIEC, ITP, iBT сияқты тілдік емтихандардың кең спектрін ұсынатын халықаралық американдық ETS Global ұйымы

Өкілдігі Римде орналасқан Fibonacci International Olympiad ірі халықаралық компаниясы, жыл сайын Fibonacci Math Olympiad, Fibonacci Robot Olympiad математика және робототехника бойынша халықаралық олимпиадалар ұйымдастырады

"Milestone & Skillset Vex Robotics Championship", "Robotex Kazakhstan"робототехника бойынша республикалық чемпионаттардың ұйымдастырушылары. "Skillset AI Hackaton 2024" бірінші қалалық IT хакатонының ұйымдастырушылары

Түлектер

Біздің түлектер Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттерінде білімдерін жалғастыруда. Міне, біздің студенттер түскен кейбір университеттер:

Оқуға түсу

  • Біздің мектепке түсу үшін қабылдау емтиханын тапсыру керек
  • Ол үшін оқуға қабылдау туралы өтінішті веб-сайтқа жіберіңіз немесе мектепке +77012045500 нөміріне қоңырау шалыңыз
  • Қабылдау емтиханының ұзақтығы 30-40 минутты құрайды
  • Үміткер тестілеуден өтеді, оның нәтижелері заңды өкіліне хабарланады

Біздің мектепке түсу үшін қабылдау емтиханын тапсыру керек

Ол үшін оқуға қабылдау туралы өтінішті веб-сайтқа жіберіңіз немесе мектепке қоңырау шалыңыз

2024-25 оқу жылының құны:

2024-25 оқу жылының құны:

Оқу ақысына: білім беру бағдарламасы, IT пәндері, халықаралық емтихандарға дайындық, кәсіби бағдар және тағы басқалары кіреді

1 200 000 ₸

бір реттік төлемге жеңілдік мүмкіндігімен

120 000 ₸

Кіру ақысы

Жеңілдіктер

көпбалалы отбасылар мен бір отбасының бірнеше баласы оқыған жағдайда жеңілдіктер беріледі. Бір білім алушыға жеңілдіктің бір түрі ғана қолданылады

abmco.kz